Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 

Ғасыр жобасы

Көпір салу – сауапты істердің ең үлкені. Мұндай игілікті жұмыс соңғы жылдары Сырдария ауданында көптеп атқарылуда. Мәселен, 2014 жылдың 20 қыркүйегі аудан тарихына алтын әріппен жазылған күн болды. Өйткені, бұл күні жарты ғасырдан бері аудан халқының арманы болған Сырдария өзенінің Тереңөзек кенті тұсынан салынған көпір пайдалануға берілді. Орындалған арман «Ғасыр жобасы» аталып, халықтың қуанышына айналды. Одан соң кент орталығындағы басты көше А.Имановтың бойындағы «Әйтек» каналының көпірі жөндеуден өтсе, аталған каналға тағы да жаяу жүргіншілерге арналған қосалқы көпір түсті. Сондай-ақ, осы каналдың И.Тоқтыбаев көшесі тұсынан көпір салынып, ел игілігін көруде. Бұдан бөлек, «Майжарма» каналына асар әдісімен қатарынан қос көпір салынды. Мұнымен қоса, Тереңөзек-Шаған автожолы бойындағы көпір жаңарса, Бесарық ауылына кіреберістегі көпір де жөндеуден өтті. Жалпы, ауданда көпір салу немесе жаңарту кезең-кезеңімен жүзеге асып, қазір сырдариялықтар сауапты іске ризашылықтарын білдіруде.
14 мамыр 2019 ж. 995 0