Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » СЫРДАРИЯДА КӨПІР САЛУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ҮЛГІСІ ҚАЛЫПТАСТЫ

СЫРДАРИЯДА КӨПІР САЛУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ҮЛГІСІ ҚАЛЫПТАСТЫ


Сырдария ауданында көпір салу жұмыстарының өзіндік үлгісі қалыптасты. Бұған дәлел ретінде, соңғы 6 жылда аудан көлемінде салынып, пайдалануға берілген көпірлерді айтуға болады.
2018 жылы Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі автожолындағы екі көпірге облыстық бюджеттен 100 млн.теңге қаржы бөлініп, жұмыстар аяқталды.
2017 жылы құрылысы басталған құны 239,4 млн. теңге құрайтын Бесарық елді мекеніне кіре беріс жолы үшін «Жаңадария» каналы арқылы өтетін автожол көпірі пайдалануға берілді.
Аудан бойынша жүргізіліп жатқан игі істердің бірі бұл үстіміздегі жылдың қараша айында Тереңөзек кенті, Қазақ көшесіндегі «Қаракөл» каналына асар әдісімен салынған көпір.
2019 жылы тағы да асар әдісімен Майжарма каналына А.Алиакбаров пен С.Усабаев көшелерін қосатын көпір салынады деп жоспарлануда. Осымен ауданда көпірге байланысты мәселе түбегейлі шешімін табатын болады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
12 қаңтар 2019 ж. 1 321 0