Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СЫРДАРИЯДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

СЫРДАРИЯДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА


Сырдария ауданында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы 2017 жылы құны 13,9 млн.теңгені құрайтын 19 жоба грант тетігі бойынша қаржыландырылды. Сондай-ақ, құны 70 млн.300 мың теңгені құрайтын 3 жоба екінші деңгейлі банк арқылы қаржыландырылды. 231 адам «Бизнес кеңесші» тетігі бойынша Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Сырдария аудандық филиалы арқылы оқытылды. «Даму – Аймақтар» өңірлік бағдарламасы аясында 1 шаруақожалық «Айналым қаражатын толықтыру» жобасы бойынша 30 млн.теңгеге қаржы алып, жұмысын жандандырды. Сондай-ақ, Сырдария ауданының 2016-2020 жылдарға арналған «Даму» бағдарламасы аясында 2016-2017 жылдары 2,7 млрд.теңгені құрайтын 64 жоба жүзеге асырылды. Осылайша, аудан бойынша былтыр мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде өмірге келген бағдарламалар жүйелі жүзеге асып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Тұрғындар кәсіпкерлікке ден қойып, халықтың әл-ауқаты артты. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар ұтымды үйлестірілетін болады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.



26 қаңтар 2018 ж. 1 323 0