Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » СЫРДАРИЯДА ЕГІЛГЕН ҚАУЫНДАР РЕСЕЙГЕ ЭКСПОРТТАЛДЫ

СЫРДАРИЯДА ЕГІЛГЕН ҚАУЫНДАР РЕСЕЙГЕ ЭКСПОРТТАЛДЫ



Сырдария ауданында бақша дақылдарын егу және өнімдерді сату жұмыстары жақсы жолға қойылған. Мәселен, ауданға қарасты Айдарлы ауылдық округіндегі «Орда» шаруа қожалығы механикаландырылған өндірістік негізінде 2017 жылы 100 гектарға «Торпедо» қауынын екті. Дала еңбеккерлерінің маңдай тері еш кетпей егілген қауыннан жалпы көлемі 1950 тонна өнім алынды. Өндірілген өнімдер өз еліміздің нарығында саудаланумен қатар көршілес Ресей мемлекетіне экспортталды. Сондай-ақ, аталған шаруашылық жұмысшылары 300 гектарға дәндік жүгері егіп, 6000 центнер өнім жинады. Орташа өнім 20 центнерден келді. Ауылдағы бұл игілікті жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
24 қаңтар 2018 ж. 1 287 0