Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Мектеп бітіру кеші тек мектеп қабырғасында өтуі керек

Мектеп бітіру кеші тек мектеп қабырғасында өтуі керек

Білім министрі осындай талап қойылатынын айтты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Ktk.kzарнасына сілтеме жасап. 

«Ас та төк дастархан ешкімге керек емес. Соншама қымбат көйлек кигеніңіз де ешкімге керек емес. Бітіру кеші тек мектепте оқушылар мен мұғалімдердің бір-біріне жылы лебіз білдіруімен шектелуі керек. Мектеппен қоштасу дегеніңіз сол», - дейді Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова.

Министрдің айтуынша, мектеппен қоштасудың бұрынғы кезден қалыптасқан тамаша дәстүрі бар. Онда түлектер ұстаздарына алғыс білдірсе, олар шәкірттеріне ақ жол тілейді. Сол үрдістен аспау қажет дейді Шәмшидинова. Екінші жағынан, асыра сілтеп қымбат мейрамханаларда салтанат құратын кештерде балалардың қауіпсіздігі де үлкен мәселеге айналады.

Дегенмен бұл тек ұсыныс қана. Заң тұрғысынан ондай шараларды шектейтін тетік қарастырылмаған.
Жалпы, бүгінде елімізде 7 мыңнан аса мектеп бар. Бір айдан кейін сол білім ошақтарынан мыңдаған түлек үлкен өмірге қанат қағады.

16 сәуір 2019 ж. 1 135 0