Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Қазақстанда балалар 6 жастан бастап мектепке баруы керек пе?

Қазақстанда балалар 6 жастан бастап мектепке баруы керек пе?

Елімізде балалар 6 жастан бастап мектепке баруы керек пе? Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова үкіметтің баспасөз конференциясында осы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Министр өз жауабында «Білім туралы» заңға сілтеді. Құжатта бірінші сыныпқа сол уақытта 6 жасқа толған балалар баратыны көрсетілген.

"Заң бойынша балалар бірінші сыныпқа 6 жастан бастап барады. Сондықтан балаларды 6 жастан бастап мектепке беру керек. Алайда 1 қыркүйекте, қазан, қараша, желтоқсан айларында 6 жасқа толған балалар мектепалды даярлық сыныбын тәмамдағаннан кейін, келесі жылында бірінші сыныпқа барады", - дейді Шәмшидинова. 

Сондай-ақ, еліміздің бас ұстазы мектеп бағдарламасының аталған жасқа лайықты етіп әзірленгенін және балалардың ерекшеліктері ескерілгенін атап өтті. 
15 сәуір 2019 ж. 1 140 0