Біздің ауылдың жұлдыздары

Мен мақтанып та, марқайып та айта аламын. Менің ауылымның жұлдыздары әрқашан да әдемі. Ойыннан көз ашпайтын ауыл балалары күн батып, айналаны қараңғылық жапқан сәтте, өз жұлдыздарына еміс-еміс арман мақсаттарын айтады. Олардың жұлдыздарға қарап жиі айтатын сөздері: «Мен де. Иә, мен де, сендей жарық, ешқашан сөнбейтін, қазақтың біртуар жұлдызы боламын!”- дейтұғын.
Ауылдың жұлдызды балалары оқуда озат, білімде алғыр, жарыста жүйрік, ауылымыздың жұлдыздарындай өзге мектептен биік әрі жарқырап тұрады. Мінекей, масахана ішіндегі жұлдызды аспан әлемінің концертінің авторы да өзім, көрініс ойнаушысы да өзім, тіпті, концерт жүргізушісі де өзім болып аяқтадым.
Гүлнұр КАЖДЕНБЕКОВА,
№126 орта мектебінің
11-сынып оқушысы