Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өмірде бәрі уақытша

Өмірде бәрі уақытша


Сәттілікпен қатар, өмірде сәтсіздік деген ұғым да бар. Кейде жанымыз қысылып, аяғымыз шалынған сәтте сәтсіздікпен тікелей байланысты нәрселерді естен шығарып аламыз.
1. Жан жарасы – алға қадам басудың амалы. Кейде өмір бар есігін тарс жауып алады, сондықтан, алға қарай адымдаудың амалын қарастыра бастаймыз. Бұл – жақсы, өйткені, кейде жағдай мәжбүрлемесе біз әрекет жасамаймыз. Қиындықтарға тап болсаңыз, есте сақтаңыз: барлық жан жарасының өзіне тән мақсаты бар. Жаныңыз қысылған сайын, кері шегінбей, алға жылжудың жолдарын қарастырыңыз. Күресу – қиындыққа төтеп беру. Әрбір жеңіс соған лайықты күресті талап етеді.
2. Өмірде бәрі – уақытша. Жауын жауса, оның уақытша екенін бәріміз білеміз. Қараңғыдан соң міндетті түрде жарық шығады. Кейде қысыл-таян уақыттар туғанда қараңғылық мәңгілік созылып, уақыт тоқтап қалғандай болады. Бірақ, мұның бәрі жай ғана алдамшы сезімдер. Өмірде мәңгілік ешнәрсе жоқ.
3. Уайым мен арыз ешнәрсені өзгертпейді. Көп арызданатын адамға, сәттілік те сирек серік болады. Кейде іспен айналысып барып, сәтсіздікке ұшыраған пайдалы. Егер сіз жеңілсеңіз, ешнәрсе өзгермейді. Егер сіз тек арыздана берсеңіз, ісіңізге нүктені өзіңіз қоясыз.
  4. Өзгенің жағымсыз ойлары – сіздің мәселеңіз емес: Жамандық сіздің қоршап алған сәтте өзіңізге сенімді болыңыз. Өзгелер сізді аяққа таптауға тырысса, күлімдеңіз. Бұл – өзіңізді жоғалтып алмаудың ең жеңіл тәсілі. Өзгелер сіз туралы жағымсыз пікірлер айта бастаса, сіз өзіңіздің шынайы қалпыңызды жоғалтпаңыз. Өзгенің сөзі сізді өзгертуіне жол бермеңіз.
5. Бұйырған нәрсе міндетті түрде орын алады: Егер құр айқай мен арыздан арылсаңыз, өмірлік күшке ие боласыз. Өміріңізде жүргізген әр күрестің белгілі бір себебі мен маңызы бар. Сіз белгілі бір оқиғанының орын алуына әсер ете алмайсыз. Ешқашан берілмеңіз. Бір сәтсіздік өміріңіздің нүктесіне айналмайды. Тек көп нүктені қойып беретінін естен шығармаңыз.

https://massaget.kz/

12 шілде 2018 ж. 3 747 0