Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нумеролог Қазақстанның жаңа президентін сайлауға ең қолайлы күнді атады

Нумеролог Қазақстанның жаңа президентін сайлауға ең қолайлы күнді атады

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін тоқтату мерзімі 2019 жылдың 19 наурызы сағат 19:00-ге тура келді. Бұл уақыт осындай мәлімдеме жасауға қолайлы мерзім. Нумеролог Ирина Кальницкаяның пікірі осындай.

Нумеролог Қазақстанның жаңа президентін сайлауға ең қолайлы күнді атады

Бұл туралы нумеролог Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында айтты.

"19 наурыз үзілістердің басы мен жаңару кезеңі. 19 саны мансапта күші өте көп сан. Ол күн бейнесінде. Биліктің осы күні ауысуы біздің болашағымыздың жарқын болатынын білдіреді", - дейді нумеролог.

Ирина Кальницкая 19 санының кез келген ақпаратты жеңіл қабылдауға көмектесетінін айтты.

"Кешегі күн - кез келген адаммен келісімге келуге болатын күн. сарапшы бұл күннің өте бейбіт, ешқандай көтеріліске бастамайтын уақыт екенін алға тартты. Маман президент қызметіне келген Тоқаевтың туған күніне қатысты айтып өтті.

"Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда өмірге келді. Бұл жұлдыздар мен оны жасаушылардың саны. Бүгінгі күн қазақстандықтардың бір отбасындай екенін, жаңа жұлдыз астында жарқын болашаққа ұмтылатынын білдіреді", - дейді ол.

Нумеролог жаңа президентті сайлауға ең қолайлы уақыттың сәуір айының аяғы мен мамыр айының басы екенін айтты. Бұл күндер билік белгісін, заңдылықты білдіреді. Сонымен қатар тамыз айы да сәйкес келеді. Бұл ай - әділеттік айы.

Айта кетсек, бүгін, 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның президенті атанды. Ол халықтың алдында ант қабылдады. Ал парламент палатасының отырысына келген Назарбаевқа билік өкілдері ду қол шапалақтап, үлкен құрмет көрсетті.


21 наурыз 2019 ж. 774 0