Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік Арнайы Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік Арнайы Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысты

Бұл шараға оны Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид әл Наһаян шақырған еді.

Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабиде Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Zayed Sports City стадионында өткен Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид әл Наһаянмен бірге көрермен болды.

Биылғы 14-21 наурыз аралығында Абу-Дабиде өтетін Арнайы Олимпиада ойындары –-Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінің тарихындағы алғашқы спорт сайысы. Бұл шараға әлемнің 170-тен астам елінен спорттың 24 түрі бойынша сайысқа түсетін 7500-ден аса спортшы қатысып жатыр.

Қазақстаннан үстел теннисі, теннис, дзюдо, суда жүзу, пауэрлифтинг, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, шағын футбол, гольф, бочче, гимнастика, боулинг, роликпен жүгіру және бадминтон сияқты спорттың 15 түрі бойынша 67 спортшы жарысқа түседі.

Еске салайық, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне барғаны және оның Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысатыны хабарланған еді.

15 наурыз 2019 ж. 843 0