Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа заңның тиімділігі

Жаңа заңның тиімділігі


Сот жұмысының тиімділігі, шешімнің әділ қабылдануы, жедел және толық орындалуының қамтамасыз етілуі бұл саланы ілгерілетудің басты көрсеткіші болып саналады. «Жеті түйін» бойынша оншақты заң жобасы әзірленді. Нәтижесінде, 2019 жылы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының  Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер  мен толықтырулар  енгізу туралы» №217-VI  заңына  қол қойды.
Аталмыш заңмен 42 заңнамалық актіге, оның ішінде 11 кодекске меншік құқығын қорғауды күшейтуге, төрелікті дамытуға, сот жүктемесін оңтайландыруға және экономикалық қылмыстарды ізгілендіруге бағытталған түзетулер енгізілді.
Сонымен қатар, қабылданған заңнама сот төрелігінің сапасын арттырып, соттағы жүктемені азайтады. Заң-халыққа өз құқықтары мен мүдделерін  қорғаудың  мүмкіндігін  кеңейтеді.
Аталған заңға сәйкес, судьяның әрбір істі объективті, жан-жақты қарауына үлкен мүмкіндігі бар. Сот төрелігінің жүктемесі оңтайландырылуда. Мысалы, сот орындаушылардың әрекетіне берілетін 18 санкцияның соттарға тек мәжбүрлеп әкелу мен ел аумағынан шығуға тыйым салу түріндегі санкциялар ғана қалды.
Сонымен қатар, борышкердің мүлкіне тыйым салу санкциясы жойылды. Банк шоттарына тыйым салу мен банктік құпиялары бар ақпаратты сұрату түріндегі санкциялар прокуратураға беріледі. Атқарушылық жазба институты да айтарлықтай дамуда. Бұйрықтық істердің 18 түрінің 9-ы нотариустарға берілді. Атап айтқанда, нотариалды куәландырылған мәміле, жазбаша мәміле, орындау мерзімі келген, жалақыны өндіру туралы, лизингті талап ету, ломбардтардың кепілін айналымға енгізу туралы, коммуналдық төлемдерді өндіру туралы және тағы да басқа даусыз талаптар - тек нотариустармен қаралатын болады.
Азаматтық процестік кодекспен нотариусқа жүгінуге қосымша ынталандырулар жасалуда. Мысалы, судья, егер өндіруді нотариалдық жазба арқылы жүзеге асыруға болатын болса, талап арызды қайтаруы мүмкін.
Оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралатын істердің бір бөлігі бұйрықтық іс жүргізуге беріледі. Бұл 12 санаттың ішіндегі 10-ын құрайды.
Аталған заңның қабылдануы - халық үшін ыңғайлы әрі тиімді болып отыр.
А.Абдулла,
 Сырдария аудандық
 сотының төрағасы
08 наурыз 2019 ж. 717 0