Қызылорда облысында “Мен есірткіге қарсымын!” атты акциялар байқауы өткізілді
Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен оқушылар мен студенттер арасында “Мен есірткіге қарсымын!” атты облыстық есірткіге қарсы акциялар байқауы өткізілді.Байқаудың негізгі мақсаты – жастар арасында есірткіге деген тұрақты теріс көзқарасты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу мәселелеріне қоғам назарын аудару.

Байқау аясында оқушылар мен студенттер облыстың қалалары, аудан орталықтары мен елді мекендерінің тұрғындарын тарта отырып, есірткіге қарсы акцияларды өз бетінше ұйымдастырып, өткізді. Қатысушылар шығармашылық қабілеттерін, бастамашылдығын және белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетіп, өткізілген іс-шаралар бойынша бейнероликтер мен фотоматериалдар ұсынды.
Өткізілген есірткіге қарсы акциялар нашақорлықтың алдын алуға, жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға және Қызылорда облысының тұрғындары арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға маңызды үлес қосты.










