БІРТҰТАС ӘЛЕМ КӨЗ ТІККЕН

Фейсбук әлеуметтік желісінің арнайы функциясында қауымдастық парақшасы мен жеке адам профилі жұмыс жасайды. Бұдан бөлек арнайы мақсатта ашылған топтардың старатегиялық іс жүргізу саясаты қалыптасқан. Желінің оқырманы ретінде анализ жүргізе келе шындығында қолданушылардың бағыты мен ұстанымы әр түрлі екенін санамызға түйдік. Бір қарағанда салиқалы жұртшылыққа айтары бар адуынды тұлғаны кезіктіресіз. Айналасындағы адамдарды сабырға шақырып, тығырықтан шығудың жолын көрсетеді. Танымдық тұрғыдан жас ұрпақ пен өзінен кейінгі буынды тәрбиелеуге күш-жігерін салады. Үлкеннен ұлағат алуға тырысады. Осы күні фейсбуктің құдіреттілігі баршаны мойындатқаны белгілі. Мұнда екі достың жарасымды әзілі оқырманды қызықтырса, теріс әрекетімен көрінген желі қолданушысы жұртшылықтың зығырданын қайнатады. Ал, сыйластық символы барлық жастағы желі қолданушы арасында кеңінен танылған. Өзара таныстықтың арқасында өмірлік дос тауып жатады. Бұл ретте теріс арандатушылықтың көрінісі жиі орын алады. Мұндай жағдайда бейтарап көзқарас танытқанымыз абзал. Осы ретте мүмкіншілігі ұшан-теңіз фейсбуктің білмейтін қыр-сыры сан алуан десек жарасады.
Балтабай ОРДАБЕКОВ