Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ВКОНТАКТЕ ҮЗДІКСІЗ ОНЛАЙН ӨМІР

ВКОНТАКТЕ ҮЗДІКСІЗ ОНЛАЙН ӨМІР


Жастар арасында танымалдылығы жоғары әлеуметтік желінің өтімділігі күн санап артып келеді. Мектеп жасындағы жеткіншек пен орта буын, егде тартқан кез-келген адам Вконтакте желісінде отыратыны таңғаларлық жағдай емес. Алғашында парақшасы арқылы өз достарын жинай бастайды. Бір мезетте желіні қолданушы шетелдік және елімізге танымал әрбір әншінің музыкасын талғаммен тыңдай алады. Бейнежазбаны қалауынша жүктеп алады. Аталған желіде арнайы топ пен жеке парақша ашу мүмкіндігі қарастырылған. Мысалы, топтың атауын қойып, салалық тұрғыдан халыққа пайдалы ақпарат салуға тырысады. Әркез оқырманның талғамына сай жұмыс жасау көзделген. Бұл бар болғаны желінің функциясы.
Ал, Вконтакте желісін көпшілік арасында таныстықтың жаңа үлгісі махаббат алаңы ретінде қарастырады. Жекелеген адам өзі ұнатқан жанға сезімін білдіре отырып, тығыз қарым-қатынас орнатады. Күннен-күнге Вконтакте аудиториясы жасарған сайын түрлі жағдайға тап болып жүрміз. Он жылдан астам уақыттан бері жазылушы ретінде ұзақ зерттеу жүргізуге мүмкіндік туды. Желіде жарнамасы келіскен кейбір топтың ішінде құрметті ата-ана сіз білмейтін сан қилы талай дүние сайрап жатыр. Балаңыз сырт көзге басқа болып көрінгенімен желідегі әрекетінен адам ұялады. Онда қыз баласының көптеп кездесуі кәдімгідей ойлантады. Адам ойына кірмес бұл тақырыпта талқылау қазақ баласына тән қасиет емес. Айтпағымыз ашықтан-ашық үлкеннің әңгімесі жыныстық сауаттылықты арттыру жолында баланың ізденіске баруына нендей жағдай түрткі болды. Өзінен біршама үлкен жанға мұң шағу арқылы қарым-қатынас орнату түбінде қателікке бой алдырады. Осындай бағытта жұмыс істейтін топтарды бұғаттау мемлекет тарапынан жүзеге асқанымен артынша келесі бірі қолданыста жүреді. Енді айналасын танып, өсіп келе жатқан қаракөздеріміз ата-ана тарапынан бақылауда болғаны абзал. Себебі талай күрмеуі шешілмес қиындық онлайн өмірдің айналасында шоғырланады. Жеке басқа байланысты кейбір топтың оқырманы адам өміріне әсер ететін ақпарат жариялауы ықтимал. Аталған желінің пайдалы тұсы жарнамалық және танымдық бағытта қажетімізше жұмыс жүргізуге тиімді.

Балтабай ОРДАБЕКОВ

06 ақпан 2019 ж. 722 0