Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ИНСТАГРАМ МИЛЛИОН ТАҒДЫРДЫҢ КУӘСІ

ИНСТАГРАМ МИЛЛИОН ТАҒДЫРДЫҢ КУӘСІ


ндігі кезекте халық арасында кеңінен танылған инстаграм желісінің мүмкіндігі мен тиімділігі, олқылығы мен кері әсері хақында сөз қозғайтын боламыз. Мұнда халықтың басым бөлігі өз парақшасы арқылы өз өмірінде болып жатқан оқиғалар жайлы айтады. Көбіне әлем және қазақ жарық жұлдызы саналатын танымал тұлғаны осы желі арқылы кезіктіресіз. Миллиондаған адам әрбір жұлдыздың парақшасына жазылып, күнделікті іс-әрекетін бақылауда ұстайды. Оның ұстанатын өмірлік қағидасын үлгі етіп, өзін де солай жасауға әркез бейімдеп отырады. Аталған желіде көңіл-күйді білдіретін мазмұндылығы жоғары сан түрлі жазбаның пікір қалдыру бөлімінде өзара қарама-қайшылық белгісі орын алып отырады. Кейде жазбаны жариялап отырған тұлға немесе адамның жеке басына сын айтушы тарап пен жақтаушы жанның арасында өзара келіспеушілік туындайды. Бүгінде күн сайын желінің функциональдық әлеуеті артқан сайын жекелеген адамдар қысқа уақытқа ықшамдалған «вайн» түсіруді қолға алған.
Сондай-ақ, қоғамда инстаграмның жарнамалық сипаты жақсы бизнес көзіне айналған. Жекелеген компания мен бизнес өкілі, кәсіпкерлікті енді қолға алған әрбір адам тауарын жарнамалау мақсатында арнайы жазба жариялап отырады. Аталған тауар оқырман тарапынан сұранысқа ие бола бастаған мезетте аталмыш жарнамалаушы адамның табысы арта түседі. Бұл ретте миллионға жуық желі қолдаушысы бар жазылуға әрбір бизнес өкілі демеушілік жасап, өзіне тұтынушы тарту мақсатында сан алуан ұтыс ойындарын ұйымдастырады. Инстаграмның мүмкіншілігін тиімді пайдалана алған жанның кез-келгеніне әп-сәтте желіде танымалдылық әлеуеті артады. Мұнда суреттің шексіз жарияланымға енуі кейде сұрыпталу керектігін аңғартады. Желіні пайдаланушы көпшілік қауым өзіне пиар жасау негізінде тосын әрекетке барады. Сырттай бақылау жүргізу барысында желідегі талай қызықты сәтке куә болып, адам эмоциясының шексіздігіне де таңғалатынымыз және бар.
Балтабай ОРДАБЕКОВ
06 ақпан 2019 ж. 859 0