Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕМЕН ТАНЫСТЫ

ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕМЕН ТАНЫСТЫ

«Біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде салынған бірқатар балабақшалардың, нысандардың жұмысымен таныстық. Әріптестерімізбен бірге Қызылорда облысындағы игі тәжірибені үздік үлгі ретінде республика бойынша енгізу керек деп ойлаймыз». Бұл халық қалаулысы Бірғаным Әйтімованың Сыр өңірінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүргізілген жұмыстарға берген бағасы.
Жақында облыс орталығында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде іске асырылған жұмыстармен танысып, мамандармен тәжірибе алмасу мақсатында ауданның экономика, қаржы салаларының басшылары, баспасөз қызметінің өкілдері мен кент және ауылдық округ әкімдері арнайы іссапарға барып келді. Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ахетов бастаған топ ең алдымен Қызылорда қаласындағы «Кәсіпкерлер үйінің» жұмысымен танысты. Аталған ғимаратта орналасқан мекемелердің оң тәжірибесін көрген мамандар кәсіпкерлік саласының дамуы мен кәсіпкерлік саласының өзекті мәселелері жөнінде облыстық мекеме қызметкерлеріне өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Іссапар барысында топ мүшелері мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде салынған «Алексей Султан Ахмет» клиникасы мен Қазақстанның бокс федерациясы орналасқан «Спорт кешенінде» болды. Сондай-ақ, «Бастау» бизнес орталығында ұйымдастырылған әдістемелік семинарға қатысты. Іссапар қорытындысында «Кәсіпкерлер үйінің» мамандары Сырдария ауданынан келген делегация мүшелеріне алғысын білдіріп, алдағы уақытта да мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағытында жүргізілетін жұмыстары сапалы, уақытылы іске асыру үшін бірлесе жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.
Айта кету керек, іссапарға аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов, аудан әкімінің кеңесшісі М.Жүсіпбекова, аудан әкімінің баспасөз хатшысы А.Ибрагимұлы, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімің басшысы Ғ.Акбаров, Тереңөзек кентінің әкімі Н.Бисембаев, Бесарық ауылдық округі әкімі Н.Жүсіпова, Қоғалыкөл ауылдық округі әкімі Б.Рахымбеков қатысты.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
01 ақпан 2019 ж. 573 0