Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Айтулы жылдан не күтесіз?

Айтулы жылдан не күтесіз?

Жастарды айрықша қолдау жылы басталды. Осы жылда бүгінгі жас толқынға, оның ішінде, өздерінің ісін бастағысы келетін және барлық саладағы ынталы жастарға зор қолдау көрсетілуі керек деп санаймын. Сондай-ақ, ауыл жастарына көп көңіл бөлінуі керек. Себебі, ел дамуына айрықша серпін беріп, ықпал жасайтын жастар ауылдан шығады. Сол үшін елді мекенде тұратын білімділердің, спортқа, өнерге бейім жастардың биіктерді бағындыруына мол мүмкіндік жасалса деймін. Бұл жылдың мен секілді жастар үшін жемісті және табысты боларына сенім мол.

Константин ЛУЦА,
жас талант
01 ақпан 2019 ж. 785 0