Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » 22 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

22 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшеюі мүмкін.

Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын болуы мүмкін, жел 15-25 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады.

Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде  тұман түседі.

Түркістан облысында, күндіз Қостанай облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын болады. 

Павлодар облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

baq.kz
22 қаңтар 2019 ж. 876 0