Жексенбіге арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанада, атмосфералық циклонның және онымен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республика бойынша барлық жерде жауын-шашын болады.
Aқмола, Aтырау, түнде Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын болуы мүмкін, Aтырау және Батыс Қазақстан облыстарында көктайғақ болады.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Aқтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерінде тұман, көктайғақ болады, Маңғыстау облысының күндіз кей жерінде қатты жауын-шашын болады. Жамбыл, Қызылорда, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с, Жамбыл облысында желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Aлматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, түнде Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, Түркістан, Шығыс Қазақстан, күндіз Aлматы облыстарының кей жерлінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін.
Baq.kz