3 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Бүгін атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде қар, жаяу бұрқасын болады, тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет-ке сілтеме жасап.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман, күндіз кей жерінде көктайғақ, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23 м/с болуы ықтимал.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ сақталады.
Маңғыстау облысында түнде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман болады.
Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, Қарағанды облысында күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 17-22 м/с, түнде және таңертең кей жерінде тұман түсуі ықтимал.
https://baq.kz/kk
Пікір 1