ЖЕКЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ АГЕНТТІГІ АШЫЛДЫ
Жұмыс – табыс көзі. Тұрғындарды еңбекпен қамту қашанда бірінші міндетке саналады. Елбасы Жолдауында да осы өзекті мәселеге ерекше басымдық берілген. Нарықтық қатынас кезінде еліміз бойынша бірінші тұрған міндетке жеке тұлғанын да атсалысуына мүмкіндік жасалған.
Ауданда жұмыссыздықты азайту мақсатында Тереңөзек кентінде орналасқан аудандық кәсіп керлер палатасы ғимаратынан аймақта алғаш рет біздің ауданда жеке жұмыспен қамту агенттігі ашылды. Аталмыш агенттік аудан тұрғындары мен жастарды Батыс өңірдегі «қара алтын» мұнай өндіретін көптеген компанияларға жұмысқа тұрғызумен айналысады.
– Отбасыңды асырау үшін жұмыс керек. Мұнай саласында еңбек еткен адамның жалақысы жақсы болады. Бұған дейін талай жұмыс іздеушілер Батыс өңірге барып, орналасқан жұмысы да жоқ, әуре сарсаң болып ауылға қайтып оралатын. Ал агенттік арқылы жұмысқа тұруға кепілдік бар, жұмыс берушімен арада еңбек шарты түзіледі, есепшотына тиісті әлеуметтік аударымдар түседі. Бұл ауданнан жұмыс іздеушілерге үлкен қамқорлық,– деді агенттіктің ашылуында құттықтау тілегін білдірген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы. Сондай-ақ облыстық жұмыспен қамту басқармасының бөлім басшысы Ж.Дәулетбаева агенттіктің ауданда жұмыссыздықты азайтуға өз үлесін қосатынына сенім білдіре келе, мамандығы жоқтарға ақылы курстар ұйымдастырылатынын айтты. Жеке жұмыспен қамту агенттігін ауданда ашып жатқан осы салада бай тәжірибесі бар, бүгінде зейнет- кер Жамиға Іздібаева. Батыс өңірдің мұнай саласына жұмыс іздеушілер түйіндемені осы кісіге тапсырып, тиісті ақыл-кеңес ала алады. Агенттік жұмысын үйлестіретін «Ерсін» кадрлық агенттігінің өкілі А.Құдабаев өздерінің жұмысшыдан бастап, инженер-техник қызметкерлерге дейін жұмыс табуға көмектесетіндіктерін, мамандығы жоқтарға ақылы курс ұйымдастыратынын жеткізді. Бұл курс жергілікті жерде өтеді.
Статистикаға сүйенсек, соңғы жылдары «жұмысқа тұрғызамын» деп алдап ақша алатын алаяқтардың саны артып отыр. Бұл агенттік олардың «бизнесіне» тосқауыл қояды.
Ауданда «Жастар» жылында осындай жарқын жаңалық болып жатыр. Елдің экономикасын да- мыту жолында белсенді еңбек етіп, жақсы өмір сүрем дейтін жастар жергілікті агенттікке барып, бақтарын сынауға болады. Жергілікті агенттіктің ашылуына аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бө лімінің Ғ.Нұртазаев, аудандық жұмыспен қамту орталығының директроы Е.Ахетов, кент әкімдігі, мекеме қызметкерлері, жұмыссыз тұрғындар мен жастар қатысты.
Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ