Атырауда лифт шахтасына құлаған қыздың жағдайы денсаулығы белгілі болды
Атыраудың Денсаулық сақтау басқармасы лифт шахтасына құлап кеткен қыздың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Зардап шеккен қыз облыстық аурухананың травматология бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта 22 жастағы жергілікті тұрғынның жағдайы тұрақты. Науқас Атырау облыстық ауруханасының нейротравматология бөлімшесінде стационарлық ем қабылдауда. Диагнозы - «сол жақ иығы буынының ішкі жарықшақтанған жабық сынығы». Денесінің көптеген жерінде терісі сыдырылған, арқасында, белінде және сол жақ жамбасында қанталаған жарақаттары бар», - деді Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Еске салайық, оқиға бүгін таңертең Авангард шағын ауданындағы 9 қабатты үйлердің бірінде болды. Лифт шахтасына адамның құлап кеткендігі туралы хабарлама Төтенше жағдайлар департаментіне сағат 06.05-те түскен. Оқиға орнына дереу құтқарушылар бригадасы жеткен. Олар 22 жастағы бойжеткенді алып шығып, облыстық ауруханаға жеткізген.
Пікір 2