Ақтауда 5 жасар баланың асқазанынан 100 теңгелік тиын шықты
Ақтау қаласында 5 жасар баланың тыныс алуы қиындап, жергілікті клиникалардың біріне жеткізілген.
Бұл туралы «Лада» басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.5 жасар баланың өңешіне бөтен зат тұрып қалып, тыныс алу қиындаған. Ол 22 қыркүйекте клиникаға жеткізілген. Анықталғандай, кішкентай пациент тиын жұтып қойған.
Эндоскопист дәрігер Роллан Елеусінов эндоскопистер және анестезиологтар бригадасымен бірге балаға ота жасап, оның асқазанынан 100 теңгелік тиынды алып шықты.
«Тиын баланың өңешінде тұрып қалған. Отаға кіріскен сәтте ол баланың асқазанына түсті. Ота 40 минутқа созылды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы қанағаттанарлық. Сауығып келеді», – дейді медициналық мекемедегілер.
Сонымен қатар медициналық мекемедегілер ата-аналардан кішкентай балаларын жіті қадағалауын сұрады.
«Көзге көрінетін жерлерден магнит, тиын, ине, түйреуіш пен батареяларды алып тастаңыздар. Мұндай жағдайлар жиі болып тұрады», – дейді клникадағылар.
Пікір 2