Елбасы Өзбекстан президентіне көңіл айтты
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан Өзбекстан азаматтарының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіре отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдауым мен ниеттестігімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін» делінген жеделхатта. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.
Еске сала кетсек, Самара-Шымкент тасжолында автобус өртеніп, 52 адам қаза болғаны туралы хабарлағанбыз. Өртеніп кеткен автобус техникалық тексерістен өтпегені белгілі болды.