Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№50 газет

04 шілде 2026 ж.

№49 газет

30 маусым 2026 ж.

№48 газет

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Назарбаев қаламгер Мұзафар Әлімбаевтың қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

Назарбаев қаламгер Мұзафар Әлімбаевтың қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты


Мемлекет басшысы көрнекті ақын, Ұлы Отан соғысының ардагері Мұзафар Әлімбаевтың дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
Жеделхатта Мұзафар Әлімбаевтың қазақ әдебиетін дамытуға және Қазақстанның өскелең ұрпағын тәрбиелеуге баға жетпес үлес қосқаны атап өтілген.
«Кеңестік кезеңде ол қазақ әдебиетінің алыптарымен қанаттаса жүріп, Отан игілігі жолында жемісті еңбек етті. Көптеген жыр жинақтары мен ән мәтіндерінің авторы атанды. Ол отыз жылға жуық балалардың сүйікті «Балдырған» журналының редакторы болып, ана тіліміздің дамуына және бүлдіршіндеріміздің дұрыс тәлім-тәрбие алуына лайықты үлес қосты. Қалың жұртшылық үшін оның халқымыздың мақал-мәтелдерін жинақтап, зерттеудегі еңбегінің маңызы зор. Сондай-ақ, ол жұрт әрдайым айтып жүретін көптеген қанатты сөздер мен сөз тіркестерін өмірге әкелді.
Мұзафар Әлімбаевтың есімі мен еңбегін халқымыз әрдайым жадында сақтайды деп сенемін», – делінген жеделхатта.
27 қараша 2017 ж. 1 867 0