Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сапалы қызмет көрсетуге бағытталған

Сапалы қызмет көрсетуге бағытталған


Ауданға Нұржамал Мырзағалиева бас дәрігер болып келгелі бері аурухана төңірегінде өзгерістер, оның ішіндегі жанданған жұмыс тұрғындар көңілінен шығуда. Сыртқы, ішкі тазалық назарда, мазасы болмай келген жанға жедел медициналық көмек көрсетіледі, ұзын-сонар кезекті болдырмау бағытындағы электронды жүйе, жасыл дәліз, тұрғындар үшін ақпараттық тақталар жасалынған. Ал мұндағы ең басты жаңалық – ауруханада жаңадан бөлімшелер ашылып, медициналық қызмет көрсету сапасы айтарлықтай жақсара түсті. Енді осыларға біршама тоқталып өтсек.
Орталық емхана мен ауруханада өткен жылдың қыркүйек айынан бері 10 бөлімше ашылған. Атап айтар болсақ, емханада скринингтен өтетін емделушілердің маршруттарын оңтайландыру және сапасын көтеру мақсатында әлеуметтікпсихологиялық және алдын алу бөлімшесі, диспансерлік кабинет, туу жасындағы әйелдерді қабылдау кабинеті, шұғыл көмек көрсету бөлімшесі, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдау кабинеті, ауруханада қабылдау бөлімшесі, оңалту бөлімі, мейіргерлік күтім және гинекология бөлімшесі ІІ деңгейдегі перзентханадан бөлек ашылған. Аурухананың қабылдау бөлімі қайта жасақталған. Ондағы мамандар облыс орталығында тәжірибеден өтіп, білімдерін жетілдірді. «Триаж» жүйесі бойынша кабинеттер ашылып, жаңадан 40 млн. теңгеден асатын қаржыға медициналық құрал-жабдықпен қамтылған.
Жоғарыда айтқандай, ауруханада оңалту және мейіргерлік күтім бөлімшесі ашылып, ем қабылдануда. Осы айдың басынан аталған бөлімше 35 төсек орынға лайықтандырылып, ауданаралық (Сырдария, Жалағаш, Қармақшы) болып қайта құрылымдалуда. Бұл бөлімше науқастардың өз-өзіне қызмет жасау қабілетін арттыратын тиімді оңалту шаралары мен ауыр төсектік режімдегі науқастар мен оның туыстарына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді дамытуға жәрдемдеседі. Жылдың аяғына дейін оңалту бөлімшесіне 15 млн. теңге бөлініп, құрал-жабдықтар алынбақшы. Мұнымен қоса, қатерлі ісік ауруларына көмек көрсетуді жетілдіру негізінде профилактикалық кабинеттер жұмыс жасауда. Ауруды ерте анықтау, асқыну көрсеткішін төмендету және 5 жылдық өмір сүру көрсеткішін көтеру мақсатында барлық елді мекенде ерлерді қарау бөлмелері жасақталып, 16 қызметкер онкологиялық қырағылықты күшейту мақсатында облыстық онкологиялық орталықта білімін жетілдірген.
Аудан бойынша әйелдерді қарау бөлмесі, ерлерді қарау бөлмесі мен диспансерлік кабинетте мамандар жұмыс жасауда. Алдын ала қарау бөлмесінің жұмысы нәтижесінде қатерлі ісік ауруларын анықтау көрсеткіші 3 есеге жоғарылап, науқастар уақытылы ем алуына жағдай жасалып жатыр. Қазіргі таңда қатерлі ісік ауруларынан өлімжітім көрсеткіші 12 пайызға төмендеген.
Бүгінде аудандағы білікті дәрігерлердің елді мекендерді аралап, жоспарлы түрде жұмыс жасауы жүйеге қойылған. Атап айтқанда, жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақты болу жасындағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру үшін мультидисциплинарлы топ құрылып, әрбір елді мекенде көшпелі профилактикалық байқау өткізілуде. Ал туберкулез ауруының алдын-алу мақсатында 43 млн. теңгеге алынған жылжымалы флюромашинамен дәрігерлер кесте бойынша елді мекендерді аралауда. Сонымен бірге, шалғай елді мекендегі тұрғындарға медициналық қызметті жақындату бағытында жылжымалы стоматологиялық кабинет ауылдарды аралап, тексерулер мен сауықтыру жұмыстарына көңіл бөлген. Ауруханада диспансеризация кабинеті және мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдау бөлмесі де ашылып, жұмыс атқаруда. Тиісінше, сәби өлімін болдырмауға аймақтық дәрігерлер мен медбикелердің көше аралау жұмыстары күшейтіліп, микроаймақтар саны артқан. Оған патронаждық мейірбикелер бекітіліпті.
Міне, ауданның денсаулық саласында шамалы уақыт ішінде осындай өзгерістер орын алып, сапалы қызмет көрсетуге бағытталған жоспарлы жұмыстар жүруде. Бұл жұмыстар өз тиімділігін көрсетті. Аталған бөлімшелердің ашылуы халыққа да қолайлы болған.
31 қазан 2018 ж. 1 515 0