Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Цифрлы медицина

Цифрлы медицина


Мемлекет басшысы жаңа Жолдауда тұрмыс сапасының артуы денсаулық саласына тікелей байланысты екенін жеткізді. Сондықтан да 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуін жүктеді. Бұл өз кезегінде 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрок­ратияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік бермек. Осы негізде, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап аудандық емхана және ауруханада «Кешенді медициналық ақпараттандыру жүйесі» қолданысқа енгізілді. Медицина саласын цифрландыру бойынша жол картасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында «Даму мед» цифрлық пост құрылып, халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда электронды денсаулық паспортын толтыру мақсатында аудан тұрғындарынан то­лық мәлімет жинақталып, оның толтырылуы 96,9 пайызға жетіп отыр. Жалпы, аталмыш жүйенің бас­ты тиімділігі – емделушілердің кезектілігін азайту, дәрігер қа­был­­дауына жазылуға, дәрігерді үйге шақыртуға, жа­зылған рецепттер туралы, ашылған еңбекке уақытша жарамсыздық парағы туралы, сонымен қа­тар, зертханалық талдаулардың нәтижелері туралы мәлімет алуға мүмкіндік бар. Сонымен бірге, дәрігерлердің жұмыс уақытын ұялы телефондағы мобильді қосымша арқылы біліп, оның қабылдауына жазылады. Бағдарлама бойын­ша халық денсаулығы бақылауда болмақ. Жыл соңына дейін 62 медициналық құжаттама нысанын электронды жүйеге толығымен қағазсыз құжат айналымға көшірілу жоспарлануда.
Аудан медицинасын цифрландыру бағытында тиісті жұмыстар жүріп, бүгінде жаңа сервер іске қо­сылған. Жалпы алғанда, денсаулық сақтау са­ла­­­­­­­­­­­­­сының техникалық базасы былтырғы жылмен­ са­лыс­тырғанда 73,2 пайыздан 85 пайызға жеткізілген.
31 қазан 2018 ж. 3 242 0