Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА "ШАНШАР" ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ТЕАТРЫНЫҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА "ШАНШАР" ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ТЕАТРЫНЫҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ


"16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігі күні" мерекесі қарсаңында «Абай-Дәулет» ЖШС-і демеушілігімен «Шаншар» әзіл-сықақ театры Сырдария ауданында концерт өткізді.
Аудандық мәдениет үйінде өткен концертке Тереңөзек кентінің және С.Сейфуллин, Қалжан ахун, А.Тоқмағамбетов ауылдық округтерінің тұрғындары көрермен ретінде қатысты.
Концерт барысында «Шаншар» әзіл-сықақ театрының өнерпаздары әзілмен өрілген қойылымдарын ұсынып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жаңа бағдарлама бойынша өнер көрсеткен театр мүшелері аудан тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді. «Шаншар» әзіл-сықақ театрының басшысы У.Әбдірайымов Сырдария ауданының өнер сүйер жұртшылығына шынайы ризашылығын білдірді.
Айта кету керек, «Шаншар» әзіл-сықақ театры кеше Бесарық ауылдық округінде де концерт өткізді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
08 желтоқсан 2018 ж. 2 235 0