Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚ МЕКЕНІ

ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚ МЕКЕНІ


Ағымдағы жылдың 28 қарашасы күні Шаған ауылдық мәдениет үйінде, Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Мирас» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан – достық мекені» атты этнос өкілдерінің есепті концерті болып өтті. Концертте ұлт өкілдері жыл бойына атқарған жұмыстарының нәтижесімен бөлісіп, халыққа өз өнерлерін көрсетті. Аудан орталығында орналасқан «Достық үйі» жанынан құрылған ансамбль Шаған ауылының тұрғындарына халық әні «Гүлдерайым», «Светит солнце» әндерін, жеке дауыста Светлана Князева «Дударайым» әнін орындаса, Саера Толаева «Өзбек биін» биледі, Александра Кокшарова «Қазақ елі» әнін орындап тұрғындардың көңілінен шықты. Шаған ауылының тұрғындары Татьяна Казка, Исмаил Абдулвахидов, Артур Камбеков, Алена Галиева, Данил Гайворонский халыққа өз жанынан шығарған өлеңдерін оқыды. Концерт барысында ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары да өз өнерлерін көрсетіп, халықты риза етті. Барлық қатысушы ұлт өкілдеріне диплом мен естелік сыйлық табысталды.

Г.ӘЛЖАНОВА
01 желтоқсан 2018 ж. 2 216 0