Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ЕҢБЕК– ЕР АТАНДЫРАР

ЕҢБЕК– ЕР АТАНДЫРАР

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» кіші бағдарламасы аясында елден шыққан еңбек ардагерлері мен озаттарын жастарға таныстыру мақсатында жақында Н.Ілиясов ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Еңбек – ер атандырар» атты кездесу кеші өткізілді.
Шараның мақсаты жастар мен оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын, тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру болды. Сонымен қатар, келешек ұрпақтың еңбек туралы білімін кеңейтіп, еңбекті қадірлеу, маңдай терін төгіп жасаған қызметін бағалау, еңбектің жемісін көріп, қуанышын сезіну болды. Адал еңбекке баулу, адам еңбегін бағалай білу, еңбек адамын сыйлау, еңбек сүйгіштікке, табандылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу мақсатында өткен шараға Еңбек Қызыл ту орденінің иегері, еңбек ардагері Керейтбай Мамытов, көп жыл сауыншы болып жұмыс жасаған Л.Бабижева, «Мағжан және К» ЖШС-нің өндіріс бригадасының бригадирлері, биылғы жылғы өз жоспарларын артығымен орындап жеңімпаз атанған бригадирлер Ш.Бизақов пен Ө.Қалиев және мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауап алынды. Ақын М.Көкеновтың «Ардақтысың әрқашан», С.Ембергеновтың «Дала дәні», «Арнау», Д.Әлімжановтың «Еңбек» атты жыр жолдарын оқушылар жатқа оқып, көрерменді бір серпілтті. Шара қорытындысында «Еңбектен бақытын тапқан жандар» атты кітап көрмесі көпшілікке ұсынылды. Онда елден шыққан Социалистік Еңбек Ері Күланда Әбдіраманова, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев және де созхоз директорлары болған Социалистік Еңбек Ері Алдаберген Бисенов пен Кеңес Одағының Батыры Н.Ілиясов жайлы әдебиеттер қойылып, олардың еңбегі оқушыларға кеңінен таныстырылды. Шара соңында кеш қонақтарына кітапханашы сый-сияпат көрсетіп, еңбектеріне табыс тіледі. Ал, оқушыларға ел ардақтысы бата берді.

Айдана МАРАТҚЫЗЫ
01 желтоқсан 2018 ж. 1 389 0