Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ САРАЛАНДЫ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ САРАЛАНДЫ

Бұрнағы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Әлеуметтік құқықтық көмек көрсету» тақырыбында ашық есік күні өткізілді. Оған облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Ф.Ұзақов, ҚАЖ департаментінің пробация қызметтеріне басшылық жасау бөлімінің бас маманы Ж.Ернияз, ауданға қарасты дербес бөлім мамандары, «Нұрлы бағдар» қоғамдық қорының президенті Р.Бекеева және психолог Н.Аймаханов, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар қатысты.
Шара барысында, әрбір жаза өтеушімен сұқбат жүргізіп, психолог көмегімен әлеуметтік сипаты жасақталды. Сонымен қатар, олардың әлеуметтік жағдайына байланысты арнайы қабылдау жүрзілді. Жергілікті сала мамандары олардың өтініш-тілегін тыңдап, нақты бағыт-бағдар берді. Пробация қызметінің жетілдіру жұмысы пысықталып, аудан көлемінде тіркелген адам­дарды жұмыспен қамту, түрлі салаға бейімдеу, қоғам өміріне белсенді араласуға жағдай жасау мәселелері талқыланды. Көкейдегі мәселені шешу жолында көпшілік ойы ортаға салынып, нақты тапсырмалар берілді. Негізінен пробация есебіне алынған әрбір азаматтың өзіндік орнын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу басты талап. Жекелеген жаза өтеушіні қабылдаған сала мамандары сан алуан айқын бағдарлы жұмыс жасауға шақырды. Олардың денсаулығын бақылау мақсаты бірінші кезекке қойылды. Қоғамнан оқшаулану процесін жойып, белсенді тұлға атануға әр азамат мүдделі. Осы ретте пробацияның мүмкіндігін жан-жақты арттыруға жағдай жасау қажет. Кез келген ауылда, кент орталығында тұратын тұрғынмен байланыс орнатып, оның жай-күйін білу маңызды. Ендеше, алдағы уақытта пробоцияның функционалдық мүмкіншілігі артады.

Б.ҚАРАМАНТЕГІ
30 қараша 2018 ж. 807 0