Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ «ӨЗ ҮЙІМ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРДІ ТӨМЕНДЕТТІ

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ «ӨЗ ҮЙІМ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРДІ ТӨМЕНДЕТТІ


Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Өз үйім» бағдарламасы бойынша азаматтар жылдық мөлшерлемесі 7% заем ала алады.
Сондай-ақ банк салымшыларын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін ең төменгі бастапқы жарна да төмендетілді. Бұдан былай Өз үйім» бағдарламасының аясында алдын-ала тұрғын үй займын алу үшін шотта үй бағасының 20%-на тең соманың басын құрау жеткілікті болмақ.
Бұған дейін «Өз үйім» бағдарламасының аясындағы несиелердің пайыздық мөлшерлемесі жинақ сомасына тәуелді еді. Шотында үй құнының 30%-ын құрайтын бастапқы жарнасы бар салымшы жылдық мөлшерлемесі 9,5% алдын-ала займнан үміткер атанатын. Ал депозитінде баспана бағасының 50%-ын жинаған клиент 7,5-8,5% аралығындағы мөлшерлемемен несие алуға құқылы болатын.
3,5-5% мөлшерлемемен берілетін тұрғын үй займдарының шарттары өзгерген жоқ. Мұндай несиені ресімдеу үшін бұрынғыша клиентке Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотына үй құнының 50%-ын кемінде 3 жыл ішінде жинап, қажет бағалау көрсеткішіне қол жеткізу керек.
Несиелендірудің ең жоғарғы мерзімі – 25 жыл. Ол таңдалған займ түріне байланысты анықталады.
- «Өз үйім» бағдарламасын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі осыдан 3 жыл бұрын мемлекеттік бағдарламаларға қолдау ретінде іске қосқан болатын. Қызылорда бұл жоба іске қосылған алғашқы қала болды. «Өз үйім» банк салымшыларына құрылыс салушылар ұсынатын жаңа тұрғын үйді нарықтық бағадан төмен құнмен сатып алуға мүмкіндік береді. Банктің міндеті – бастапқы жарна ретінде 20% жинақтаған клиенттерге қолжетімді үй иесі атануға, олардың жаңа, жайлы және бағасы қымбат емес пәтерлерге орналасуына көмектесу, - деп түсіндіріп өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Қызылорда облыстық филиалы директоры Әділжан Саудабаев.
Ол 2018 жылдың 20 қыркүйегінен бастап Қызылордада «Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдана бастайтынын хабарлады. 60 пәтерден тұратын жаңа тұрғын үй СПМК-70/3 ауданында Қараша көшесі №1Д үй мекенжайында орналасқан. 1 шаршы метрдің бағасы 130 000 теңгені құрайды.
Өтінішті 2018 жылдың 30 қыркүйекке дейін baspana.kz жылжымайтын мүлік порталында беріп үлгеру керек. Мұнда тұрғын үйден үміткер нысан туралы толық дерек алып, ұнаған пәтерді таңдай алады.
«Өз үйім» бағдарламасына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің барлық клиенттері қатыса алады. Бұл – бағдарламаның артықшылығы. Мұнда қандай да бір қалада тұрақты тіркеуде тұру туралы талап жоқ. Сондай-ақ үміткердің атында тұрғын үйдің бар-жоқтығы бойынша да ешқандай шектеу қойылмаған.
20 қыркүйек 2018 ж. 1 405 2

Гость JeaOrer от 12 ақпан 2019 05:56
Viagra Generika Aus Der Apotheke Premarin 1.25 Mg Tablet Direct Legally Doryx Pills By Money Order Visa cialis 5 mg best price usa Levitra Fermenti Acheter Du Cytotec En Ligne

Гость JeaOrer от 4 наурыз 2019 09:57
Cialis Online Master Card Cheap Femara Without Prescription Where I Can Buy Datalafil buy generic cialis Viagra Verpackung Scherz