Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда заманауи балалар футбол орталығы ашылды

Алматыда заманауи балалар футбол орталығы ашылды

Алматы. BAQ.KZ. «Спутник» стадионының қайта жаңарту жұмыстарынан кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жас Қыран» футбол орталығы ашылды.

Жаңартылған стадионда 800 адамға арналған қоршалған ыңғайлы трибуналар, ал оның астында көптеген бөлмелер орналасқан. Айналасы көгалдандырылған арнайы Италиядан алынған соңғы үлгідегі ФИФА-мен сертификаттандарылған дренажды жүйесі бар жасанды футбол алаңы мен спорт алаңдары орталықтың әдемі келбетін келтіруде.
Бұл жерде 500-ден астам жас футболшылар дайындалуға мүмкіндік алады. Жалпы орталықта 50 бапкер жұмыс атқарады.
«Барлықтарыңызды керемет мерекемен құттықтаймын! Осындай бастамалар үшін алғыс білдіремін. Бұның барлығы Елбасымыздың спортты дамыту саясатының арқасында жүзеге асырылуда», - деді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков.
Айта кетсек, жылдын басынан қалада «Спорт менің ауламада» жобасы аясында 18 мың адам спортпен шұғылдануда. Сондай-ақ, жеке спорттық мекемелердің қолдауымен «Батыл бол» жобасы іске қосылды. Бұл жоба жағдайы төмен отбасыларға спортпен шұғылдануға мүмкіндік сыйлады.
«Біздің Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына деген жолдауында спорттың дамуына аса көңіл бөліп, спорттық құрылымдардың жаңартуына байланысты бірнеше бағытта тапсырма берген болатын. «Жас Қыран» футбол орталығы осы стадионды жаңарту үшін үлкен жұмыстар атқарды. Өздеріңіз білетіндей, Спутниктің тарихы өте бай. Көптеген футбол жұлдыздары өздерінің кәсіби мансаптарын осы жерден бастаған болатын. Бұл жастарға жаңа шабыт сыйлап, көптеген дарындардың жолын ашады деп сенемін», - деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек.
Оның айтуынша, бүгінгі танда Алматы велотрегінің жаңарту жұмыстары ақталып қалды, ал келесі жылы 5 мың адамға арналған жабық жеңіл атлетика стадионы салынатын болады.
«Басты мақсат - балалар спорттан ләззат алып, елімздің патриоты болып өсуі. Ал футбол оларға және ата-аналарына тек бақыт сыйлап, әр өткізген ойын тек шаттыққа толы болса деген ниет», - дейді жоба бастамашысы, «Жас Қыран» БЖФО басшысы Берік Қаниев.
Естеріңізге сала кетсек, жақында Қазақстан халқына жолдауында мемлекет басшысы әкімдерге 100 дене шынықтыру кешендерін салып, қазіргі бар спорт орталықтарын тиімді пайдалануға тапсырма берген еді.
Бұл футбол орталығы мемлекеттік жекешелендіру серіктестігі бағдарламасы аясында Қазақстандағы танымал алматылық №2-ші мамандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің базасында салынды. Совет өкіметі заманыңда ол кездегі №3-ші МБЖОРМ футбол мектебі өздерінің түлектері және бапкерлерімен танымал болған.
21 қазан 2018 ж. 703 0