129 жылдық тарихы бар испаниялық футбол клубы 1 еуроға сатылатын болды
Испаниялық «Рекреативо» футбол клубы 1 еуроға сатылатын болды. Бұл клубтағы қаржылық қиындықтарға байланысты. Сондай-ақ, футбол клубына жаңа ие қажет көрінеді, деп хабарлайды «Белта» агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz.
Агенттік мәліметінше, клубтың қарыздары шамамен 7,6 миллион еуроға жеткен. Ал команда орналасқан Уэльва қаласының билігі қарыздың негізгі бөлігін жауып беріпті.Қазіргі уақытта футбол клубын Eurosamop компаниясы сатып алуы мүмкін екені мәлімденуде.
Айта кетсек, «Рекреативо» клубы Испанияның ең көне клубы саналады. Ағымдағы жылы клуб 129 жылдығын атап өтеді. Футбол клубы 2002-2003 жылдары Испания Кубогының ақтық кезеңінде ойын көрсеткен. Қазіргі уақытта ол испаниялық клубтар арасында 3-орынға жайғасқан-ды
Пікір 2