Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапарбаев: «Ақтөбе» футбол клубының банкротқа ұшырауына жол бермейміз

Сапарбаев: «Ақтөбе» футбол клубының банкротқа ұшырауына жол бермейміз


Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев«Ақтөбе» футбол клубының басшылығымен, жаттықтыру штабының және ойыншыларымен бейресми жағдайда кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Өңір басшысы клубтың банкротқа ұшырауы мүмкін деген қауесетті жоққа шығарып, футболистерді жергілікті биліктегілердің жиналып қалған қаржылай проблемаларды шешуге бар күштерін салатындарына сендірді.
«Ақтөбеде футбол болған, болады да. Біз сіздерге барынша қолдау көрсетеміз. Әрине, клубтың проблемалық сұрақтары жоқ емес, бірақ біз оларды шешіп жатырмыз. Бастысы ағымдағы еңбекақылар мен сыйақылар бойынша қарыздар жоқ. Банкротқа ұшырады деген қауесетке сенудің қажеті жоқ. Ойнаңыздар және ойындарыңызбен жанкүйерлеріңізді қуантыңыздар», - деп атап өтті Б.Сапарбаев.
Қарызға келер болсақ, жуырда былтырғы жылдың берешектері жабылады. Оның алдындағы қарыздар бойынша шаруалар заң аясында шешілетін болады, деп жеткізді ол.
Өңір басшысы соңғы матчтардағы ойынның жақсы болғанын атап өтіп, командаға табыстар, соның ішінде қарағандылық «Шахтерға» қарсы матчта жеңіс тіледі.
Қызылды-ақтылар атынан бас жаттықтырушы Владимир Мұханов сөз алып, өңір басшысына команданың тек ертеңгі сайыста ғана жеңіп қоймай, келесі ойындарда да жанкүйерлерін қуанту үшін бар күштерін салатындарына сендірді.
Кездесуде бұқаралық балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту туралы да сөз болды. Айта кетейік, осы мақсатта Ақтөбеде 2016 жылы барлық 14 облыстың орталықтарында бөлімшелері бар футбол академиясы ашылды. Биыл облыс орталығында бес футбол алаңы бар арнайы спорттық база ашылды.
Кездесу соңында облыс әкіміне өңірдің автомобиль кодын білдіретін «04» нөмірлі футболка тарту етілді.

01 шілде 2018 ж. 937 0