АУДАН КӘСІПОРЫНДАРЫ 812,0 МЛН.ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ӨНДІРДІ
Серпінді Сырдария ауданында жаппай кәсіпкерлікті дамыту, ауданның жұмыссыздық деңгейін түсіру бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда.
Мәселен, үстіміздегі жылдың 9 айының қорытындысы бойынша аудан кәсіпорындары 812,0 млн.теңгенің өнімін өндірді.
Ауылдық округтерде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1173 құрайды.
Аудан орталығындағы жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілеріне үлесі 203,0 пайыз.
Аудан тұрғындарын жаппай кәсіпкерлікке тарту мақсатында Сырдария ауданының кәсіпкерлікті дамыту "Жол картасы" бекітілді.
"Жол картасы" туралы аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде және "Фейсбук әлеуметтік желісіндегі "Сырдария ауданының әкімдігі" ресми парақшасында тұрақты түрде жаңалықтар жариялануда.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.