Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Атырауда теракт туралы жалған хабар таратқан азамат тергеліп жатыр

Атырауда теракт туралы жалған хабар таратқан азамат тергеліп жатыр


Атырауда  терроризм актісі туралы жалған хабар берген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
«Оқиға Атырау қаласында 8 қазан күні болған. «102» операторына белгісіз адамнан қалдырылған хабарламадан кейін жедел қызметтер жұмылдырылған. Санаулы уақыт ішінде күдіктінің тұрған жері анықталды», деп хабарлады облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, жыл басынан бері облыста 2 жалған хабарлама беру оқиғасы тіркелген. Оның бірінде 1986 жылы туған азамат Құлсары қаласындағы дүкенде жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған. Сот шешімімен бұл азамат 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

inform.kz


14 қазан 2018 ж. 1 004 0