Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін «Менің Қазақстаным» әнұран болып бекітілген

Бүгін «Менің Қазақстаным» әнұран болып бекітілген


Осыдан тура 12 жыл бұрын  халық арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні еліміздің мемлекеттік гимні болып қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Ал бір күннен кейін Елбасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Аталған заңмен сөзін Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, музыкалық редакциясын Шәмші Қалдаяқов жазған «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік әнұраны болып бекітілді.  Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Айта кетерлігі, бұл әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Жалпы, Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет - 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранының музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты. Әнұран - мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.
06 қаңтар 2018 ж. 9 459 3

Гость JeaOrer от 20 ақпан 2019 14:38
Generic Cheap Dutasteride 0.5mg Baldness C.O.D. levitra laboratoire bayer Azithromycin Vs Amoxicillin Chlamidia

Гость JeaOrer от 11 наурыз 2019 03:00
Cialis Original cialis 5 mg Cheap Levitra Vardenafil

aaosesincug от 10 тамыз 2019 03:33
AennisWaf DennisWaf http://bbs.dfsh333.com/home.php?mod=space&uid=253 http://www.rc-holic.com/forum/home.php?mod=space&uid=209730&do=profile http://www.qxc321.com/space-uid-163259.html speedtest2019