Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАСТАР ҚОЛДАУҒА ИЕ

ЖАСТАР ҚОЛДАУҒА ИЕ


Жақында кенттегі Д.Қонаев көшесінен «Жас проджект»  жобасы аясында спорттық сауықтыру кешені ашылды. Шараға жас­тар ресурстық орталығының мамандары, ауданның Құрметті азаматы Рахымжан Бәйменов, ардагер-ұстаз Бахытжан Абдулпаттаев, сала мамандары мен қызметкерлері және спортқа қызығушы жастар қатысты.
Жастарды қолдап, шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қоғамның осал топтарына, яғни мүмкіндігі шектеулі жастарға, ардагерлерге берер қөмегі мол шараға төрт жігіт топтасып, жоба жасаған болатын. Нәтижесінде «Салауатты Сырдария» жобасы мақұлданып, 1 млн. теңгелік қайтарымсыз грант ұтты. Қазіргі уақытта балалардың барлығы дерлік ұялы телефон мен компьютерден бас алмайды. Бұл дегеніміз үлкен проб­лема. Сондықтан да жобаның мақсаты жастардың бір уақыт спортпен шұғылдануына мүмкіндік беріп, терең ойлы, денін сау ету. «Жастар бос уақытын тиімді өткізсе екен» деген арманына бір табан жақындағанын айтты жоба топбасшысы Әділбек Дәрменов.
Жастар корпусын дамытып, қоғамның игілігі үшін жастарды пайдалы жұмыстарға тарту, өмірлік маңызы бар дағдыларды дамытып, жастар белсенділігін арттырып қана қоймай, өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік беретін жо­баның ашылу лентасын еңбек ардагері Р.Бәйменов қиып, ақ батасын берді. Тоғызқұмалақ, үс­тел теннисі, шахмат пен зілтемір жә­не тағы басқа спорт құ­­­­ралдары таза, әрі жарық залдың сә­­­­­­­нін келтіріп-ақ тұр. Жаңадан ашылған залға жастар ризашылығын білдіруде.

Айдана ҚАЛИЕВА

25 қыркүйек 2018 ж. 764 0