ҚҰЛЫҚСЫЗДЫҚ ЖОЙЫЛСА, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ АЗАЯДЫ
Күннен-күнге әлемде жұмыссыздық белең алып барады. Оның ең басты себебі бүгінде барлығы автоматтандырылған технология қызметіне жүгінуді жөн санайды. Өйткені, кезіндегі көпшіліктің қолымен жасалған жұмыс қазір бір тетікпен басқарылады. Яғни, қазір жұмыс беруші көпке шығынданғанша заманауи техника алып, жұмыс күшіне төленетін капиталды үнемдеу тиімді деп есептейді. Қазіргі қоғам осыған беттеп барады. Мұның тиімді тұсы болғанымен, кері әсері көбірек. Себебі, техниканың мейлінше дамып келе жатқандығы жұмыссыздықты одан бетер көбейтпек.
Әлемде жұмыссыздық белең алуда
Халықаралық Еңбек ұйымы мәліметінше, осыдан үш жыл бұрын (2015) әлемде 190 млн. адам жұмыссыз қалса, 2016 жылы ол 200 миллионға жуықтаған. Ал өткен жылы жаһандық жұмыссыздық деңгейі 5,7-ден 5,8 пайызға жоғарылап, 3,4 миллион жұмыссыздық өсімі байқалған. Жалпы, әлемде жыл артқан сайын жұмыссыздардың саны күрт көбеюде. Мұның басты себебін жоғарыда айттық. «Gartner» сараптамалық агенттігінің болжамы бойынша, 2025 жылға қарай жұмыс орындарының үштен бір бөлігі роботтардың еншісіне тимек.
Жаһанда болып жатқан жаңалықтар шет мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас орнатқан Қазақстанға да әсерін тигізіп жатыр. Бүгіннің өзінде еліміз цифрландыру жүйесіне көшуді жеделдетуде. Мұның пайдасы көп-ақ. Бірақ цифрлы жүйе адами капиталға кері ықпал етуде. Мәселен, бүгінгі таңда елде штатты оңтайландыру үдерісі жүріп жатыр. Бұл жұмыс сапасын арттыру бағытындағы қолға алынған жүйе дегенімен мекемелерде жұмысшылардың қысқаруына әкеліп соқтыруда. Қайбір жылдары үлкен кәсіпорында бір мезетте 300-ге жуық қызметкердің жұмыссыз қалғанын естігенбіз. Яғни, заманауи жүйе, автоматты технология жұмыс қолының қысқаруына әкеліп соқтыруда. Бұл талапқа сай болмаған жұмыссыздар қатарынан көрінбек.
Өзі қайсібір мемлекет болмасын жұмыссыздық деңгейі 5 пайыз болса, ол қалыпты жағдай саналады. Ал республикада жұмыссыздық мөлшері осы жылдың бірінші жартыжылдығындағы мәліметке сәйкес 4,9 пайызды құрады. Бұл тұста, жұмыссыздықпен күресте елімізде жақсы бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын айтып өткен жөн.
Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүруге бейім. Аталған статистикалық мәліметке облыстағы, аудандағы жұмыссыздық деңгейі айрықша ықпал жасайды. Осы орайда, аудандық жұмыспен қамту орталығы берген мәлімет бойынша ауданда жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрап отырғандығын атап өткен дұрыс. Осыдан бірнеше жыл бұрын бұл көрсеткіш бұдан да жоғары болатын. Қазіргі жүйелі істің нәтижесінде ауданда жұмыссыздық азайып келеді. Дегенмен, бүгінде жұмыссыз жүрген аудан тұрғындары, оның ішінде жастар жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүруге бейімделіп бара жатқандай. Неге дейсіз ғой? Себебі, көпшілік аз қимылдап, көп пайда тапқысы келеді. Ондай мүмкіндік болса жөн-ақ дейміз. Алайда, «менің дипломым бар» деп кеше ғана оқу бітіріп келген жасқа бірден «бақыт» қайда?! Оның үстіне, қазір техникалық мамандықтарға сұраныс көп болғанымен жастар мұғалім, дәрігер, заңгер секілді мамандықтар бойынша жоғары білім алуға бейім. Ал оқу бітіріп келгенде бос жұмыс орны жоқ, қос-қостаған дипломын құшақтап жүргені. Соның орнына заман сұранысына орай техникалық мамандықтарды игерсе, біліктілігіне байланысты бос жүрмейтіні белгілі.

Мұны неге айтып отырмыз? Осыған қатысты зерделеу жүргізгенде аудан әкімінің қабылдауына келетін тұрғындардың ішінде жұмыс сұраушылар көп. Оның басым бөлігі оқу бітіріп келген жастар. Бұл тұста, тепсе темір үзетін жастар еңбектеніп жұмыс іздемей, төте жолды осы деп біледі-ау. Оған қоса, ата-ананың арқасында оқу бітіргенімен шаруасы жоқ, келгеннен кейін де жұмыс тауып бермесе «масыл» болып жата беретін секілді. Әйтпесе, іздеген адамға екі қолға бір күрек табылады емес пе? Даладан қалаға, қаладан далаға қатынап еңбек етіп, нан тауып жүргендерді көріп жүрміз. Тым болмаса, қазір қайта даярлау курстары бар. Соған барып икемі келетін жұмысқа бейімделіп, іспен айналысуға да мүмкіндік мол. Елге қызмет қылып, кәсіп ашамын дегендерге де барлық жағдай жасалуда. «Алма піс, аузыма түс» деп жатып, әкімдікке жұмыс сұрап бара бергенше осы жағын да қарастырған жөн.
Іздегенге жұмыс бар
Соңғы жылдары аудан құрылыс алаңына айналған. Сол құрылыс нысандарынан да жұмыс табуға болады. Атап айтар болсақ, қазір кентке кіреберісте көп қабатты тұрғын үйлер салынуда. Осы құрылыс басталарда мердігер компания басшыларына билік тарапынан жұмысшылардың басым бөлігі аудан тұрғындары болуы керек деген талап қойылған. Сол бойынша құрылыс прорабы Бақытбек Тұрғанбаевты әңгімеге тартқанымызда көп қабатты тұрғын үй салына бастағаннан жергілікті тұрғындар жұмысқа алынғанын айтты.
– Құрылыс басталғанда 3 бригадада 33 адам жұмыс жасады. Оның ішінде, кенттен, ауылдардан келіп жалдамалы жұмыс жасағандар көп. Тұрғын үйлерді өру жұмыстары басталғанда 5 сырдариялық жұмысқа алынды. Жалпы айтқанда, іргетасы қаланғаннан бастап осы кезге дейін 60-тай тұрғын жұмыс жасап кетті. Менің өзім осы аудан тұрғынымын. Қазір ішкі сырлау, сылақ жұмыстары жүруде. Оған 25 кент тұрғыны тартылған. Одан бөлек, дәнекерлеуші, электрик, трактористер ауданнан тұрақты жұмысқа алынды, – деген құрылыс прорабы тек арнайы жұмыстарға мамандар Қызылордадан келетінін айтты. Яғни, құрылыс жұмыстарына да білікті мамандар қажет. Оған да сұраныс жоғары. Алайда, білікті құрылысшылар, қарапайым ғана құм тасуға жұмысшылар, бетон құюшылар аз немесе бұл салаға көпшілік жастар беттемейді.
Сондай-ақ, аудан орталығындағы кейбір сауда дүкендерінің «жұмысшы қажет» деген хабарландыруды ілінгендеріне де біршама уақыт болды. Оны да сұрастырып көргенде, жұмыс іздеп келгендер «кассаға болса істеймін» дейтін көрінеді. Ал техникалық жұмыстар, зат әкелу, түсіру секілді жұмысты істегісі жоқ. Дүкен иелері кезінде айлық төленбесе де ауыр жұмысқа жегілгенін айтса, қазір көпшілік жастарды жалқау дейді.
Бүгінде сондай-ақ мал бағуға малшы отбасы керек деген хабарландыру көп. Айлық жалақысы 60 мыңнан 100 мыңға дейін. Соның өзіне адам табу қиынның қиыны. Алысқа бармай-ақ, кент тұрғындарының малын бадамен бағу немесе адам жалдау жайлы жиі айтылады. Бірақ бірде-бір адам шыққысы келмейді. Жақында бір танысымды кездестірдім. Осыдан бірнеше жыл бұрын «жұмыс жоқ» деп жүдеп-жадаған жанның жүзі шырайлы. Амандық-саулықтан соң білгенім жалданып мал бағады.
– Қазір жағдайым жақсы, тұрақты жалақым бар, – деген танысым тұрмысының түзелгенін айтты.
Түйін. Жалпы, жұмыссыздық мәселесін түбегейлі шешкен ешкім жоқ. Қоғам бар жерде жұмыссыздық та болатыны анық. Бірақ, қазір бостан-бос жата беретін уақыт емес. Бәсеке орнаған кезеңде талпынып еңбек етпеген, жүгіріп жұмыс іздемеген жанның ішсе тамаққа, кисе киімге жарымайтыны өмір шындығы. Оған қоса, сұранысы жоғары мамандықты игеріп, заманауи технология тілін біліп жұмыс жасамаған да алысқа бармайды. Ал дипломға сәйкес жұмыс табылмаса қол жұмыс жасап, еңбек ете берген дұрыс. Елбасының өзі жұмысты домна пешінің жанында тұрып, темір балқытудан бастағанын жиі айтады. Сондықтан қай жұмыстан да қашпай, ынтамен, ерінбей еңбек еткен озатын кезең бұл.
Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ
Пікір 1