Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ МУЗЕЙ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ МУЗЕЙ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

 
Бұрнағы күні ауданның құрметті азаматы Жантемір Айсин, тарихшы-ұстаз Рысты Қайсағалиева бастаған еңбек ардагерлері аудан орталығындағы «Еңбек даңқы» музейінің жұмысымен танысты.
Еңбек ардагерлері Сырдария ауданының тарихи жәдігерлерін көзбен көріп, музейді аралады. Экскурсовод мамандар ауданның екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тыныс-тіршілігін баяндап, ҰОС қатысқан жауынгерлердің жеке құжаттарын көрсетті.
Өлке тарихымен танысқан меймандар музей жұмысына жоғары баға берді.
Айта кету керек, ауданның тарихи-өлкетану-музейінде 9 305 экспонат бар, оның 5647-і негізгі қорға тіркелген.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
22 қыркүйек 2018 ж. 893 0