Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазалы ауданындағы ауылда попкорндар шығарылады

Қазалы ауданындағы ауылда попкорндар шығарылады

Қазалы ауданына қарасты Бірлік ауылында «Томпи» попкорндары өңделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 2016 жылы азық-түлік дүкенін ашып, табыс таба бастаған кәсіпкер Гүлсая Бөкейбайқызы жақында жеке қаражаты есебінен попкорн дайындайтын арнайы қажетті құрал-жабдықтарды алған. «100 пайыз табиғи шикізаттан жасалған, денсаулыққа пайдалы балаларға арналған тәтті попкорндарды өз ауылымда - Бірлікте өндіремін. Өнім үш түрде шығарылатын болады: «Карамель», «Шоколод», «Микс». Қазіргі таңда «Карамель» түрін ғана шығарып жатырмын. Попкорнға «Томпи» деп қазақша атау бердік. Себебі, попкорнымыз да балалар секілді томпиған, әдемі», - дейді кәсіпкер. Гүлсая өнімдерін аудан көлеміндегі азық-түлік дүкендеріне өткізуде. Сұраныс жоғары. Алдағы уақытта мемлекеттік қолдауға ие болып, несие алуды жоспарлап отыр.
inform.kz
18 қыркүйек 2018 ж. 852 0