ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТУДЕ
Ұлттық инновациялық байқауға қызылордалық мектеп оқушыларының қатысуына "Өңірлік инновация офисі" қолдау көрсетті.
«Жоғары сынып оқушылары мен колледждер арасында ең үздік технологиялық шешім» номинациясы
Номинацияның негізгі мақсаты:
Балалардың инновацияға қызығушылығын арттырып, практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік жасау және жаңа технологияларды игерген кәсіпкерлерді тәрбиелеу.
Номинация иелеріне берілетін сыйлықтар:
1 орын - шетелдік жетекші оқу орнында немесе облыстық технологиялық дамуды қолдау ұйымында оқыту курсы;
2 орын - 800 000 теңге;
3 орын - 400 000 теңге;
Халықтың дауыс беруі арқылы тағайындалатын жүлде – 200 000 теңге.
Жобаларды мына сілтемелер арқылы көре аласыздар:
Барлығы – 5 жоба.
1. Жобаның тақырыбы: "Фармацевтика және косметикадағы мия тамырының қолданылуы" (С.Толыбеков атындағы №3 мектеп гимназия).
2. Жобаның тақырыбы: «Құрғақ ұнтақ әзірлеу үшін бие сүтін өндіру әрі өңдеу»»
(С.Толыбеков атындағы №3 мектеп гимназия).
3.Жобаның тақырыбы: «Сәбилі шаңырақ» (І.Қабылов атындағы №12 орта мектеп).
4.Жобаның тақырыбы: «Жылыжай жұмысы арқылы ерекше балаларды кәсіпке баулу» (№264 мектеп лицей
5.Жобаның тақырыбы: "Атамекен" мектеп компаниясының "Әдемі-Ай" сөмкелері» (№9 мектеп гимназия)
Пікір 2