Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Достық үйінің мәжіліс залында жас ғалымдар арасында Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін ілгерілетуге арналған республикалық үздік ғылыми жобалар байқауының өңірлік кезеңі өтті.
Байқауға 4 үміткер: «Болашақ» университетінің қауымдастырылған профессоры, саяси ғылымдарының кандидаты - Мұрат Насимов, философия магистрі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универитетінің докторанты - Ботагөз Паридинова, педагогика ғылымдарының магистрі, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің оқу-әдістемелік кабинет меңгерушісі - Жулдыз Аскарова мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, магистр - Роза Махамбетәлиева қатысты.
Байқаудың комиссиясы құрамына Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының докторы - Тастанбек Сәтбай, профессор, тарих ғылымдарының докторы - Өтеубай Қожақұлы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің «Этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг бөлімінің» басшысы, саяси ғылымдарының кандидаты - Саулет Сахиев кірді.
Сараптау комиссиясының қорытындысы бойынша, М.Насимовтың «Жаңа технологиялық тәртіп шарттарындағы ақпарат және киберәлеуметтену» тақырыбындағы ғылыми жобасы үздік деп танылып, байқаудың республикалық кезеңіне жіберіледі. Ал байқаудың өңірлік кезеңінің жеңімпаздары Ж.Аскарованың - «Жағымды психологиялық ахуалды қалыптастырудың ұжымның дамуына әсері» тақырыбындағы ғылыми жобасы I орынды, Б.Паридинованың – «Рухани жаңғыру және болашақ мұғалімдердің рухани дүниетанымы мәселесі» тақырыбындағы ғылыми жобасы II орынды, Р.Махамбетәлиеваның - «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясының әлеуметтік-саяси шешендік сөздерде көрініс табуы» тақырыбындағы ғылыми жобасы III орынды иеленді. Үздік жұмыстар ғылыми басылымдарға жіберіліп, авторлары дипломдармен марапатталды.


03 қыркүйек 2018 ж. 1 838 0