Өнеркәсіптік қауіпсіздік басты назарда

- Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырып келеді. Басқарманың негізгі міндеттерінің бірі - қауіпті өндірістік объектілердегі апаттардың алдын алу, мемлекеттік бақылау мен қадағалау жұмыстарын ұйымдастыру және тиісті мемлекеттік қызметтерді көрсету. Әсіресе, қауіпті өндірістік объектілерді салу, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, консервациялау және жоюға арналған жобалау құжаттамасын қарау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл ретте басқарма мамандары өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуге басымдық береді. Соңғы жылдары облыс көлемінде қала әкімдігімен және басқа да уәкілетті органдармен бірлескен профилактикалық түсіндіру жұмыстары нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін бірқатар нысандар ретке келтірілді. Сонымен қатар, жаңа жобалар мен құрылыстарды сараптау барысында заңнама талаптарының орындалуына ерекше назар аударылуда. Біздің басты мақсатымыз - халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын қадағалау. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады, - деді Әділжан Бөріұлы.
Өңірлік коммуникациялар қызметі