Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "FITMAMA" "АНА МЕН БАЛА" ФИТНЕС ОРТАЛЫҒЫ

"FITMAMA" "АНА МЕН БАЛА" ФИТНЕС ОРТАЛЫҒЫ


Үстіміздегі жылы еліміз бойынша «Zhas project» жобасы ұсынылды. Бұл «Zhas project» жобасы жастарға жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Бұл жоба барысында аудан тұрғындарына яғни жобаның мақсаттық тобына байланысты 6 ай тегін қызмет көрсетіледі. Сол жоба аясында мүмкіндікті пайдалана отырып өз жобамды ұсындым. Алланың қалауымен біздің жобамыз іріктеуден өтіп грант иегері атандық. Жобаның атауы "FitMama"Ана мен бала" фитнес орталығы! Жобада 4 қатысушы қызмет көрсетеді. Жоба Тереңөзек кенті орталығында тұратын болашақ, жүкті және босанған әйелдерге арналған орталық. Негізінен емханамен, спорттық сауықтыру кешенімен тікелей жұмыс істейтін болады. Отбасында қуанышты жаңалық – баланың дүниеге келуі. Көптеген болашақ аналар жүктілікке және босануға қатысты түрлі сұрақтарға тап болады: «Қалай дұрыс тамақтану қажет?», «Қандай талдаулар тапсыру қажет?», «Босану қалай өтеді екен?».Сонымен қатар, жүкті әйел үшін құрсағындағы баласын аман-есен жарық дүниеге әкеліп қана қоймай, босанғаннан кейін өзінің де денсаулығының мықты болуы маңызды. Ал ол үшін дұрыс әрі уақытылы тамақтану, өз-өзін күтумен қатар үнемі қозғалыста болуы керек.
         Жобаның мақсатты тобы - болашақ жүкті әйелдер және босанған әйелдер мен нарестелер. 
         Бұл жоба нәрестелерге арнайы дене жаттығуы арқылы,дене мүшесінің жақсы қалыптасуына ықпал жасау. Анасымен бірге 8 айлық балалар үшін арнайы программа қарастырылған. Бұл орталықта ана мен  балаға ғана емес, жүкті әйелдерге арнайы кешенді программа қарастырылады яғни йога, перинаталдық фитнес, психологтармен кеңес алу. Және түрлі тренингтер өткізуді жоспарлануда.
         Ана және бала денсаулығы нығаяды, өмірге деген көз қарастары өзгеріп физиологиялық, психологиялық ой өрістері дамиды. тереңөзек кенті орталығында жаңадан әйелдер орталығы ашылады. Гендрлік саясат алға дамиды.
             Д.Баджанова,
       "FitMama" "Ана мен бала" фитнес орталығы! жобасының көшбасшысы

03 қыркүйек 2018 ж. 1 593 0