Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан парламенті мен үкіметіне берген 7 тапсырмасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан парламенті мен үкіметіне берген 7 тапсырмасы

ÐÒ±ÑÑұлÑан ÐазаÑбаевБүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев парламенттің ІV сессиясын ашып, парламент палаталарының бірлескен отырысын өткізді. Елбасы отырыс барысында бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, өзін-өзі жұмыспен қамтушы қазақстандықтарды әлемуеттік қамсыздандыру жүйесіне тарту үкімет алдындағы маңызды мәселе болып табылады.
«Халықтың бір бөлігі табысынан аударым жасамайды. Тиісінше, олар зейнетақы жүйесі және әлеуметтік қолдау шараларымен толық қамтылмаған», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасының сөзінше,  аталған салықты төлеу өзін-өзі қамтамасыз етуші қазақстандықтарға медициналық сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар президент аталған мәсілені жыл соңына дейін шешуді тапсырды.
Сондай-ақ, Назарбаев медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің жаңа моделін енгізуді, қоғамдық денсаулықты қорғау мен медициналық ұйымдарда корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруді қарастыратын заң жобасын қабылдауды ұзаққа созбау керектігін атап өтті.
Үкімет алдындағы келесі міндет – әр тұрғынның қызығушылығына тікелей қатысы бар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелерді шешу.
«Құрылыстың қарқынды дамуы тұрғысында тұрғын үй қатынастары саласы әрбір тұрғынның мүддесін көтереді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында шешілмеген мәселелер баршылық. Жүргізілген сауалнамалар нәтижесінде бұл мәселе көп азаматтарды алаңдатып отырғаны байқалды», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы қызмет көрсетуші компаниялар мен тұрғын үй иелерінің арасындағы өзара қатынастың ашықтығын қамтамасыз етуді, табиғи монополия саласындағы қаржының жұмсалуын бақылауға алуды тапсырды. Тиісті заң жобасы биылғы жылы парламент қарауына ұсынылады.
Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың экономикалық дамуы мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Ол шағын және орташа бизнестің Қазақстан экономикасындағы үлесін 2050 жылға дейін 50 пайызға жеткізу туралы стратегиялық мақсат туралы еске салды.
«Бүгінде бұл салада миллионнан аса субъекті жұмыс істеп, мемлекет халқының белсенді тобының 30 пайыздан астамы қамтылған. Шағын және орташа бизнес экономикада басты жұмыс берушіге айналуы тиіс», – дейді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар президент кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру бойынша өзгертілген заң жобасын енгізуді тапсырды.
Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті дамытуға туризм саласы да үлкен үлес қосатынын атап өтіп, 2023 жылға дейін туризмді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама жасау туралы үкіметке тапсырма берілгенін еске салды.
«Үкіметке туризмді дамытудың 2023 жылған дейінгі мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу тапсырылды. Биыл Қазақстанда туризм мүмкіндігі жоғары бірнеше орындарды аралап келдім. Бұл жерлердің әлеуеті жоғары, алайда жұмыс істеу керек, әсіресе, туризм инфрақұрылымына қаржы мен күш-жігерді салу қажет. Бизнес бұл салға баруға әзір», – дейді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Назарбаев аталған бағдарламаны соңына дейін жеткізуді тапсырды.
Қазақстан парламентінің алдындағы тағы бір міндет – экономикалық қылмыс саласындағы қылмыстық заңнаманың ізгілендірілуі. Бұл іспен үкімет, президент аппараты да айналысқанымен, қазақстандықтардан құқық қорғау органдарының жұмысының сапасына қатысты шағым әлі де түсуде.
«Бұл ретте ынталандыру мен жаза арасында оңтайлы теңгерім табу керек. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама тұрақты болуы тиіс. Осы орайда құқық бұзушылық сипатына сәйкестік, жауапкершілік принципі мүлтіксіз сақталуы тиіс», – дейді президент.
Қазақстан президентінің алтыншы тапсырмасы – агроөнеркәсіп кешені саласындағы заңнамаларды жетілдіру.
Бұл мәселені жүзеге асыру үшін кепілдендіру жүйесін жетілдіріп, несиелік серіктестіктерді дамытып, ветеринария саласындағы бақылау жүйесін жақсарту қажет.
«Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық ғылымды дамыту мәселесіне байыпты назар аударулары қажет. Біз бұл жайында да айтқан болатынбыз. Заңнамалық түзетулердің сәйкесінше топтамасы әзірленген және Парламенттің қарауында жатыр», – дейді Назарбаев.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасына баса назар аударды.
«Біз «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кешенді жұмыстарды жалғастырамыз. Маңызды міндеттердің бірі – тарихи-мәдени мұраларымыздың қорғалуын қамтамасыз ету, танымалдығын арттыру. Парламент қарауында аталған бағдарламаны ұтымды жүзеге асыруды көздейтін заң жобасы жатыр. Оның қабылдануы әлемдік үздік тәжірибелерге сәйкес тарихи қасиетті нысандарды тиімді дамытуға және қорғауға септігін тигізетін болады», – дейді президент Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар Елбасы Шымкенттің облыс орталығы мәртебесіне иеленгенін, Түркістан облысының пайда болғанын еске салды. Үкімет пен министрліктерге алдағы уақытта облыс орталығының құрылысы мен қалыптасуына лайықты назар аударуы керектігін айтты.
«Қазақстандағы бизнес те бұл жұмыстарға араласуы қажет. Мен де ол жаққа бармақпын, басшылармен бірлесіп, мән-жайды талқылайтын боламыз. Таяу уақытта дамыған жаңа облыс орталығы, экономикамыз бен бизнесіміздің жаңа өсім нүктесі пайда боларына сенімдімін», – дейді президент.
01 қыркүйек 2018 ж. 1 196 1

Гость JeaOrer от 10 наурыз 2019 20:02
Generico De Propecia Comprar Levitra generic levitra 40 mg no prescription Difference In Amoxicillin And Augmentin