Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ер азаматыңыздың сізді жақсы көргенін қалайсыз ба?

Ер азаматыңыздың сізді жақсы көргенін қалайсыз ба?


Әйелдере немқұрайды қарайтын
Еркекті мен санамаймын еркек деп.
Ш.Айтматов

Шынайы махаббаттың басты белгісі-құлай сүйген адамыңа ешқашанда жаманшылық ойламау. Оның жануынан сөнуі тез жай сезімдерден айырмашылығы да сонда. Алтын қазақ қағидасы да: "Сенен артық жан жоқ деп, ғашық болдым, мен не болсам, болайын, сен аман бол" деп Абай бекер айтпаса керек.

Жарыңызбен жақсы қарым-қатынаста болғыңыз келсе төмендегі кеңестерге құлақ асыңыз.

Жарыңызға бірінші ұнайтын сіздің сыртқы келбетіңіз бен, ішкі сұлулығыңыз.Ер азаматтардың көпшілігі сыртқы дүниеге аса мән береді.Осыны түсініңіз.
Жарыңыздың алдында сұлу болуға әдемі болуға тырысыңыз.
Маған неге сыйлық жасамады деп, ренжуден бұрын сіз оған қандай қарым-қатынаста болдыңыз.Ер адамдардың көпшілігі ондай дүниеге қызықпайтыны өз табиғатынан.Бәрін олай айтуға болмайды әрине.
Сізде жарыңызға тосыннан ашық хаттар мен, сыйлықтар жасай біліңіз.Сіздің сүйіспеншілігіңізді сезінсін.
Жарыңызға барынша шынайы болыңыз.Көп әйел затының азап шегетіні осыдан жасандылықтың соңы ажырасуға дейін апарады.
Оған өзіңіздің жақсы көретініңізді айтыңыз.
Жарыңызға жақсы сөздер мен, мақтауларды көбірек айтыңыз, оған ұнайтынына сеніңіз.
Көңіл-күйі жоқ болса мазаламаңыз.
Ер азаматтардың көпшілігі сіздердің хош иісті әтірлеріңізге қызығады,барынша хош иістеніп жүріңіз.
Қолдарыңызға мән беріңіз, ер азаматтың қызығушылығы сіздердің қолдарыңызда екенін ұмытпаңыз.
Жарыңыздың алдында нәзік талдырмаш болыңыз.
Еріңіздің айтқанына құлақ салып тыңдаңыз,неге қызығатынын сұраңыз.
Шешім қабылдағанда кеңесіңіз түсінбесеңіз сұраңыз.
Дәмді тамағын уақытылы беруге тырысыңыз.Ер адамды дәмді тамақпен ақ көңілін көтеруге болатынын білетін боларсыз.
Тосыннан бір нәрсе ұйымдастыра біліңіз.
Жүзіңізден күлкі кетпесін,әрдайым күліп жүріңіз.Сізге сондай жарасымды.
Қиын сәттерде жанынан табылыңыз.
Құшақтағыңыз келеме құшақтаңыз.Құлағына сыбырлаңыз,қытықтап күлдіртсеңізде болады.
Сізге сын мен пікір айтса түзетуге тырысыңыз.
Ренжіскен жағдайда үндемеңіз.Үнсіздікпен бір-біріңізді түсініңіз.
Ұсақ-түйекке бола шу шығармаңыз.Ашулы болсаңыз одан өшіңізді алмаңыз.
Отбасылық қиыншылықтарды бірге жеңуге тырысыңыз.
Әрбір қарым-қатнастың бастамасы, шынайы көңіл мен мейірімді жүректе,бір ауыз сөзбен ақ көңілін көтеруге болады.
Ер азаматты сыйлаңыз құрметтеңіз,кішіпейіл болыңыз.
Көп сөздермен басын қатырмаңыз.
Өтірікті ешқашанда айтпаңыз соңы қара түнекке бастайды.
Ер азаматтың жүрегіне жол табудың бір жолы,сіздің оған деген пейіліңізбен ақ жүрегіңіздің шынайылығында.
26 ақпан 2018 ж. 2 259 0