Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамына «Tamasha tv» қосылды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамына «Tamasha tv» қосылды

«ÒазаÒÑÑан» ÑелеÑадиокоÑпоÑаÑиÑÑÑнÑÒ£ ÒÒ±ÑамÑна «Tamasha tv» ÒоÑÑлдÑ29 тамызда Астанада «Chaplin» кинотеатрында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының күзгі телевизиялық маусымының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Qamshy.kzақпарат агенттігі. 
Шарада «Qazaqstan», «Qazsport» және «balapan» телеарналарының жетекшілері жаңа маусымдағы жобалармен таныстырып, болашақтағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен, әдеттегідей қыркүйек айында «Qazaqstan» арнасының жаңа жобалары көрерменге жол тартатын болады. Мәселен, танымал «QAREKET» ток-шоуының форматы өзгереді. Енді, Бейсен Құранбекпен бірге бағдарламаны жаңа жүргізушілер, танымал кәсіби журналистер: Серік Әбікен, Нұрбол Батырбай, Досан Қызайбек және Есболат Айдабосын жүргізетін болады. Сондай-ақ, қыркүйек айында күн сайын шығатын жаңа отбасылық «SHANYRAQ» ток-шоуының жүргізушісі Жұлдыз Абдукаримова болмақ. Одан басқа, сенбілік ойын-сауықтық «QAIYRLY KESH, QAZAQSTAN!», денсаулық саласын талдайтын «SHIPAGER» танымдық бағдарламалары ұсынылатын болады. Тағы да айта кететін жаңалық, «JAN JYLYY» атты әлеуметтік жоба эфирге қайта оралады.
Жаңа маусым аясында көрермендер «Отыңды өшірме», «Күй ғұмыр», «Кейкі мерген», «Абысындар», «Жаным менің», «Рауан», «Өсиет», «Арманға 20 қадам», «Шырағым» атты жаңа отандық телехикаяларды, «Жаңа қоныс», «Көзайым» туындыларының үшінші маусымын тамашалайтын болады. Сонымен қатар, деректі фильмдер тізбегі «Ұлы дала ұлағаты», «Көшпенділер», «Виртуалды соғыстың жазбалары», «Аққан жұлдыз» және т.б туындылармен толықтырылмақ.

«Qazaqstan» және «Qazsport» арналарының жаңа телевизиялық маусымының негізгі жаңалығы - «Qazaqstan FIGHTER» бірегей реалити-шоуы. Жоба мақсаты - спорт пен бәсекелестік рухты, салауатты өмір салтын дамытумен қатар, MMA кәсіби спорт түрін кеңінен насихаттау. Мұндай бірегей жоба қазақстандық телевизия нарығында алғаш рет ұсынылмақ. Әділқазылар құрамын танымал спортшылар, бапкерлер, Олимпиада чемпиондары құрайды. Айта кетейік, «Qazsport» телеарнасы спорт әлеміндегі басты және ауқымды шараларды көрсетуді жалғастырады. Жақын арада спортсүйер қауым Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін, ал желтоқсан айында Қанат Ислам және Мейірім Нұрсұлтановтың қатысуымен өтетін жекпе-жектерді тамашалай алады. Сонымен қатар, телекөрермендер әдеттегідей Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасы, УЕФА ойындарын, ҚХЛ ойындарын, «Барыс» хоккей клубының ойындарын, Қазақстан Премьер-Лигасын, футболдан Қазақстан Кубогын, күрестен және дзюдодан Әлем чемпионаттарын көретін болады. Одан бөлек, «Qazsport» телеарнасы ұлттық спорт түрлерін насихаттап қана қоймай, көрсетілімдерінің көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Жаңа маусымға «balapan» арнасы кішкентай көрермендеріне көптеген анимациялық сериалдар, ғылыми-танымдық, сауықтық жобалар топтамасын дайындады. Биылғы жылы анимациялық фильмдер көлемі анағұрлым артты. Телеарна өз көрермендеріне «Ертемір», «Айдар», «Дала ойындары», «Шахмат патшалығы», «Қоңыр қаз», «Еркелер», «Бабалар сөзі», «Дара тұлға», «Кел, шырқайық» сияқты 10 анимациялық сериал әзірледі. Сонымен қатар, телеарна контенті «Биле, балапан», «Дос болайық», «Әмиян», «Көке», «Сынық сынып» сияқты жаңа, қызықты жобалармен толықты. Тағы бір жаңалық, күзгі маусымда «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамына тағы да бір жаңа «Tamasha tv» телеарнасы қосылды. Телеарна эфирі корпорацияның ішкі телеөнімдерімен толықтырылатын болады. Айта кетсек, «Әзіл әлемі» «Жайдарман», « Хаха-шоу», «Әзіл Man», «Көңілді тапқырлар алаңы», «Қызық екен», комедиялық телехикаялар және т.б.
«Tamasha TV» телеарнасының орташа тәуліктік хабар тарату уақыты 22 сағатты құрайтын болады. «Tamasha tv» арнасы OtauTV және iDTV пакеттерінде HD форматында қолжетімді болмақ. Сондай-ақ, алдағы уақытта басқа да кабельдік операторларда SD форматта таратылатын болады.
«Қамшы» сілтейді
30 тамыз 2018 ж. 793 0