Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚОЛҒА СУ ҚҰЮ ӘДЕБІ

ҚОЛҒА СУ ҚҰЮ ӘДЕБІ



Қазақ жұртшылығы әркез қонағын құдайындай сыйлаған. Үйге келген кісінің қолына су құйып, құрмет көрсетуінде адамгершілік пен мәдениеттілік қасиеті айқын көрінеді. Қолға су құю өз тәртібі бойынша үйдегі жас бала «бата - бастан, су - аяқтан» деген қағиданы берік ұстап, су құюды төменгі жақтан бастайды. Әдетте қонақтар тегіс дастархан басынан жиналған сәтте құя бастайды. Көпшлік жерде адамның мол болуына байланысты екі жігіт босағадан бастап, төрге қарай айналдыра құйып шығады. Көбіне есік алдына үлкен леген қойып, қонақтарға үйге кірерде қол жуғызып кіргізеді. Қолын жуған адам қолын сілкімейді, орамалмен сүртеді.
27 тамыз 2018 ж. 3 390 0